Жаңалықтар
-
кеше 09:23
-
19.01.2021 22:42
-
19.01.2021 20:56
-
19.01.2021 20:30
-
19.01.2021 19:09
-
19.01.2021 18:53
-
19.01.2021 16:03
Алматыға сырттан ұшып келген 47 жолаушыдан КВИ анықталды
2020 жылғы 25 қараша 17:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы халықаралық әуежайына 6-23 қараша аралығында 52733 жолаушысы бар 389 рейс ұшып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ішінде COVID-19 анықтамасымен 47627 жолаушы, 5083 адам анықтамасыз келген. Қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. Шетелден келушілер үшін 6 карантиндік стационар ұйымдастырылды. «ПТР тест тапсыру үшін 5060 адам карантиндік стационарға жатқызылды. 47 жолаушыдан вирус бары анықталды. Сондай-ақ, анықтаманың жоқтығынан 23 шетелдік азамат депортацияланды. Алматы әуежайында халықаралық рейстермен мегаполиске коронавирус инфекциясына тестілеуден өткені туралы анықтамасыз келген азаматтарды анықтау бойынша қатаң бақылау жүргізіледі», - деді әкімдіктен.