Жаңалықтар

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус  жұқтырды

2020 жылғы 1 шілде 13:12
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус  жұқтырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин коронавирусқа тест тапсырды. COVID-19 расталды. Қазір ол кісі үй карантинінде. Ауру симптомсыз, жеңіл түрде өтіп жатыр. Денсаулығы қанағаттанарлық. Қашықтан жұмыс жасауды жалғастырады»,– деп хабарлады қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.