Жаңалықтар

Алмаз Шарман: Вакциналанғандар үлесі 80% жеткенше карантинді жеңілдетуге болмайды

2021 жылғы 4 тамыз 17:50
Алмаз Шарман: Вакциналанғандар үлесі 80% жеткенше карантинді жеңілдетуге болмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман Қазақстанда карантиндік шектеулерді жеңілдету мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин шараларын жеңілдетсе, вакцинация процесі жаңа, вакцинаға төзімді нұсқалардың, яғни жұғу қаупі жоғары коронавирус штамдарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Вирус тиімді вакциналар пайда болғанда селекциялық қысымға исылай икемделеді. Бұдан шығатын қорытынды, азаматтардың басым көпшілігі шамамен 80% вакцина алғанға дейін карантиндік шараларды әлсіретуге болмайды», - дейді сарапшы. Оның пайымынша, ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге мәжбүр боламыз. «Вакцинациясыз біз үнемі қатаң карантин жағдайында өмір сүретінімізді түсіну маңызды. Эпидемияға қарсы шаралардың әлсіреуі коронавирусқа қарсы қажетті екпені алғаннан кейін ғана қолданылуы керек. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстан азаматтарының 80% вакцинаның қажетті дозасын алмаған», - деп толықтырды Алмаз Шарман.