Жаңалықтар

Алты өңірде 52 адам коронавирустан жазылды

2020 жылғы 25 қазан 08:38
Алты өңірде 52 адам коронавирустан жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда бір тәулікте 52 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Ақтөбе облысында - 1, Атырау облысында - 3, Қарағанды облысында - 15, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 23, Түркістан облысында - 5. Елімізде барлығы 105 618 адам COVID-19-дан жазылды. Індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 110 402, қайтыс болды - 1796 науқас. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 24 қазан күнгі бір тәулікте Қазақстанда коронавирус 152 адамнан анықталды.