Жаңалықтар

Асқар Мамин: Халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру — ең маңызды міндет

2021 жылғы 19 қаңтар 10:10
Асқар Мамин: Халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру — ең маңызды міндет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру ең маңызды міндет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда, қызыл аймақтағы 5 өңірге, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарына тағы да бір өңір қосылды. Бұл - Солтүстік Қазақстан облысы. Жалпы, республика бойынша вирустың репродуктивтік көрсеткіші – 1,1. Ауруханалардағы инфекциялық орындардың жүктелуі - 2%, реанимациялық орындар – 23 пайыз», - деді Асқар Мамин. Сонымен қатар, ол қазіргі таңда халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру ең маңызды міндет болып саналатындығын баса айтты. «Өздеріңізге мәлім, отандық вакцина клиникалық сынақтардың III кезеңінен өткізіліп жатыр, және де «Спутник V» вакцинасының сапасы аттестациялануда. GMP стандарты бойынша вакциналар шығаратын биофармзауыт құрылысы жүргізіліп жатыр», - деді Асқар Мамин.