Жаңалықтар

Астанада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

2021 жылғы 10 сәуір 09:20
Астанада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі, 11 сәуір күні қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - деп мәлім етті «City Transportation Systems» компаниясынан. ⠀ Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істей бастайды. Компания өкілдері автобустарға маскасыз кіруге болмайтынын ескертеді. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді. Еске салайық, 12 сәуірден бастап астанада карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы күшіне енеді.