Жаңалықтар

Атырау облысы коронавирустан жазылғандар арасында республика бойынша көш бастады

2020 жылғы 15 тамыз 22:14
Атырау облысы коронавирустан жазылғандар арасында республика бойынша көш бастады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өткен тəулікте 902 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Осылайша, Атырауда коронавирус індетінен жазылып шыққандар 89,8 пайызға жетті», - деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр.

Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 2083 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Аймақтар бойынша тізбектесек, Атыраудан кейін емделіп шыққандардың жоғарғы көрсеткішін
Алматы қаласы көрсетіп отыр. Бұл қалада коронавирустан сауығып шыққандар саны 659 адамға жетті.

Ақмола облысында 156 адам қатерлі инфекцияны жеңіп шықты.