Жаңалықтар

Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 28 мыңнан астам дозасы жеткізілді

2021 жылғы 5 тамыз 19:03
Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 28 мыңнан астам дозасы жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 28 мыңнан астам дозасы жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның кезекті партиясын вакциналау бекеттеріне тасымалдау басталды. «Өңірдегі фармацевтикалық қоймасына жеткізілген ресейлік вакцинаның 18 мың 600 дозасы І компонентке арналған. Ал, ІІ компонент үшін 10 мың дозасы бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 10 мың дозасы, кейіннен QazVac вакцинасы жеткізілгенін хабарлаған едік.