Жаңалықтар

Атырау облысында 85 адам коронавирусқа шалдықты

2021 жылғы 15 қаңтар 15:28
Атырау облысында 85 адам коронавирусқа шалдықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында бір тәулікте 85 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қауіпті індетке шалдыққан науқастардың дені – 58 жұмысшы Теңіз кенішінде анықталып отыр. Ал Атырау қаласында 15 адам коронавирус инфекцисын жұқтырған. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 3, Құрманғазыда –3, Махамбет ауданында 2 адамнан қауіпті вирус табылған. «Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 231 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 100, аудандардағы стационарларда 43, Теңіз кен орнындағы стационарда 806 адам ем қабылдауды жалғастыруда», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен. Өткен тәулікте коронавирустан 125 адам сауығып шыққан. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында соңғы тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған болатын.