Жаңалықтар

Атырау облысында бір күнде 48 адам коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 22 қазан 04:40
Атырау облысында бір күнде 48 адам коронавирус жұқтырған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 48 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қаласы қауіпті вирус көп таралатын ошақ ретінде қалып отыр. Өткен тәулікте мұнда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 32 жағдайы расталған. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында – 3, Исатай ауданында – 6, Құрманғазыда – 3, Қызылқоғада – 2, Жылыойда – 1, Махамбет ауданында 1 науқас анықталған. «Өңірде 344 адам үй жағдайында, 2 352 орындық инфекциялық стационарларда 216 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 96, Теңіз кен орнындағы стационарда – 70, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, ал, №2 облыстық ауруханада 14 пациент оқшауланды. Қазір инфекциялық стационарлардың 90 төсек-орынға есептелген жансақтау бөлімінде жатқан 13 науқастың жағдайы ауыр. Бұл бөлімдегі 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейгенін хабарлаған едік.