Жаңалықтар

Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін жалғасады

2020 жылғы 28 қыркүйек 12:41
Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін жалғасады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Асылбек Шаров 2020 жылғы 29 тамыздағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыда «Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден 12 қазан сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын деп көрсетілген.

Ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдарымен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынсын;

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 50% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

Бір мезгілде жабық ғимараттарда, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан 00:00-ге дейін рұқсат берілсін;

Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілсін;

Сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде қызметіне рұқсат берілсін.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулы 4-қосымша талаптарын сақтай отырып ұзақ және қысқа мерзімде кездесулер рұқсат етілсін;

Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын» -делінген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін жалғасқан еді.