Жаңалықтар

Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

2021 жылғы 6 мамыр 19:31
Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпара – Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адам жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, «Ashyg» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мереке ұйымдастыру қызметіне тыйым салынған. Сондай-ақ, «Ashyg» жобасына қатысатындарды қоспағанда әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің жұмыс уақыты мен режиміне шектеулер енгізіліп отыр. «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50% - ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру ұйымдар, офистер қызметкерлеріне қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасын ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. Жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу, оффлайн режимде өткізбеу қажет» делінген құжатта. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында «Ashyg» жобасымен қандай нысандар ашылатынын хабарлаған болатынбыз.