Жаңалықтар

Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды

2021 жылғы 21 қазан 18:40
Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 20 қазанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 469 адам салдырған. «Атырау облысында биылғы 1 ақпан мен 21 қазан аралығындағы кезеңде 236 422 адам вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін алған атыраулықтардың саны 208 135 адамды құрап отыр» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның екі компонентін алғандар 202 мыңнан асқанын хабарлаған едік.