Жаңалықтар

Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырды

2021 жылғы 16 қыркүйек 16:30
Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте, 15 қыркүйекте 1 051 адам вакцинаның І компонентін алған. «Бір күнде вакцина салдырғандардың арасында 31 педагог, 40 студент, 16 дәрігер, 11 мемлекеттік қызметші, 1 полицей мен құқық қорғау органдарының 1 өкілі бар. Сондай-ақ, созылмалы сырқаты бар 72 пациент пен 877 тұрғын екпе салдырды. Ал, 1 ақпаннан бері вакциналардың І компонентін 214 398 адам ектірді. Вакциналардың ІІ компонентін алған адамдардың саны 164 600-ге жетті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 201 мыңнан астам адам вакцина салдырғанын 9 жазған болатынбыз.