Жаңалықтар

Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылған

2021 жылғы 3 тамыз 01:30
Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырау қаласы мен аудандар әкімдердің өкімімен 64 мобильді топ құрылған. «Қазір мобильді топтар карантиндік шектеу шараларының сақталуына мониторинг жүргізіп келеді. Мобильді топтар құрамында полицияның, «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы мен әкімдіктердің өкілдері бар. Биылғы 1 қаңтар мен 29 шілде аралығында 10 976 рейд өткізіліп, 44 777 нысан тексерілді. Мобильді топтардан құқық бұзушылыққа қатысты 620 материал түсті. Карантин талабын елемеген шағын және орта бизнес нысандарына, жеке тұлғаларға ҚР Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен 423 айыппұл салынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Ал, шілдеде мобильді топтар 910 рейд жүргізіп, 3325 нысанды қамтыған. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау қаласында карантин шектеуі күшейтіліп , облыс әкімі тұрғындарға үндеу жасаған болатын.