Жаңалықтар

Атырау облысындағы коронавирус ауруының жаңа жағдайы туралы

2020 жылғы 28 наурыз 20:43

Атырау облысында коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тіркелді. Коронавирусқа тест жасаған жергілікті тұрғыннан инфекция анықталды, деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасынан.
Бүгін 28 наурызда коронавирус жұқтырған бесінші жағдай расталды. Әйел адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін Атырау облысында төрт адам коронавирус жұқтырған еді. Барлығы да стационарлық карантинде жатыр.