Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды

2022 жылғы 18 қаңтар 00:52
Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады. «Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің Covid-19 инфекциясын анықтауға тапсырған ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті. Сол себептен, олар 12 қаңтардан бастап қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Аймақ басшысы Атырау қаласында, өңірді жедел басқаруды жүзеге асыруда», -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында екі тәулікте 1,1 мың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.