Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
2021 жылғы 21 қаңтар 02:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында медициналық маска 15 теңгеден сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібековтің мәліметінше, монополияға қарсы комплаенс жасалған. «Монополияға қарсы комплаенс ашық сауда өткізу саясатын көздейді. Бұл – монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, болдырмау жөніндегі тиімді құрал. Сондай-ақ, Атырауда медициналық маска шығаратын өндірістің ашылуы бағаны төмендетуге ықпал етті», - дейді Диас Жәнібек. Осыған байланысты аталған департамент пен «Семейное здоровье» дәріханалар желісінің басшылары ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін ресми келісімшартқа қол қойды. «Енді медициналық масканы Атырау қаласындағы Нұрсая, Авангард, Алмагүл шағынаудандарында орналасқан «Семейное здоровье» дәріханасынан 15 теңгеге сатып алуға болады. Масканың мұндай төмен бағасы карантиндік шектеу шаралары алынғанға дейін сақталады», - дейді дәріханалар желісінің басшысы Сұңқар Мәлікұлы. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылған болатын.