Жаңалықтар

Атырауда тікұшақпен у шашылды деген ақпарат жалған - Денсаулық басқармасы

2020 жылғы 11 тамыз 13:57
Атырауда тікұшақпен у шашылды деген ақпарат жалған - Денсаулық басқармасы

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Мессенджерлерде тараған «Атырауда тікұшақпен у шашылды, одан балалар ауырады» деген ақпарат жоққа шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырауда əдейі ауру таратылып жатыр. Провизорлық стационарларға балалар керуеті əкелініп жатыр» деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар еліміздің қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеміз», - деді облыстық денсаулық басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.