Жаңалықтар
-
10.04.2021 22:17
-
10.04.2021 21:02
-
10.04.2021 20:18
-
10.04.2021 19:40
-
10.04.2021 16:08
-
10.04.2021 14:45
-
10.04.2021 14:10
-
10.04.2021 13:38
-
10.04.2021 12:03
-
10.04.2021 10:45
-
10.04.2021 10:07
-
10.04.2021 09:50
-
10.04.2021 09:20
-
10.04.2021 08:15
-
10.04.2021 08:00
-
10.04.2021 03:00
-
10.04.2021 01:50
-
10.04.2021 00:18
-
09.04.2021 23:45
-
09.04.2021 22:21
-
09.04.2021 21:55
-
09.04.2021 20:45
-
09.04.2021 20:33
-
09.04.2021 20:25
-
09.04.2021 19:50
-
09.04.2021 19:08
-
09.04.2021 19:00
-
09.04.2021 17:14
Атыраудың жаппай карантинге жабылатыны жайлы ақпарат жалған – әкімдік
2021 жылғы 1 сәуір 09:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қаланың жаппай карантинге жабылатыны туралы ақпарат өтірік болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«WhatsApp мессенджерінде Атырау қаласының 2 сәуірден бастап жаппай карантинге жабылатыны туралы жаңалықтың скриншоты тарап жатыр. Хабарламада қаладан шығар жолға блокпостар қойылып, 1 сәуірдің түн жарымына дейін қаладан шығып-кіріп алу керектігі жазылған. Хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл - 2020 жылы жарияланған жаңалықтың скриншоты. Қазір қала айналасында блокпостар жоқ, шығу және кіру жолдары ашық» деп хабарлады Атырау облысының әкімшілігінен. Еске сала кетейік, соңғы тәулікте Атырау облысында КВИ-дың 75 жағдайы анықталған. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректеріне сай, Атырау облысы – COVID-19-дың таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймақта.