Жаңалықтар

Әуежайдан қашып кеткен туристердің бірі – мемлекеттік қызметші

2020 жылғы 23 қазан 13:18
Әуежайдан қашып кеткен туристердің бірі – мемлекеттік қызметші

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырдан ПТР анықтамасыз ұшып келген және Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен екі тұрын 30 АЕК айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді. «COVID-19-ға ПТР анықтамасы жоқ, Нұр-Сұлтан әуежайынан қашқан екі астаналық ұсталды және ПТР тест өткізу үшін карантиндік стационарға жеткізілді. Оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Аталған тұлғалар – Шарм-эль-Шейхтен келген жұбайлар болып табылады, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметшісі», - деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында Бұған дейін 329 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз ұшып келгені және екі астаналықтың әуежайдан қашып кеткені хабарланған еді.