Жаңалықтар

Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды

2021 жылғы 22 ақпан 10:03
Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды, деп хабарлайды ВВС.

Вакцинаның сенімділігіне халықтың көзін жеткізу үшін алғашқылардың бірі болып елдің премьер-министрі Скотт Моррисон екпе алды. Оған коронавирусқа қарсы екпе егу сәті телеарнадан көрсетілді. Вакцинаның бірінші дозасын алған алғашқы науқас – 85 жастағы Джейн Малысяк. Кампанияның алғашқы күні шағын топ вакциналанды: негізінен, медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары. Апта ішінде 60 мың адамға вакцина егу жоспарланып отыр. Аустралия қазіргі уақытта пайдалануға Pfizer и AstraZeneca вакцинасын мақұлдады. Аустралияда пандемия басталғалы 29 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 909-ы қайтыс болды.