Жаңалықтар

Әзербайжанда карантин режимі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

2021 жылғы 22 шілде 16:03
Әзербайжанда карантин режимі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

БАКУ. АЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат - Әзербайжан Республикасының аумағында ерекше карантин режимі 2021 жылғы 1 қыркүйек, сағат 06.00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АзерТадж агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты Әзербайжан Республикасының премьер-министрі Әли Асадов қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, 31 шілде 00:00-ден 2 тамыз 06:00-ге дейін, 7 тамыз 00:00-ден 9 тамыз 06:00-ге дейін, 14 тамыз 00:00-ден 16 тамыз 06:00-ге дейін, 21 тамыз 00:00-ден 23 тамыз 06:00-ге дейін, 28 тамыз 00:00-ден 30 тамыз 06:00-ге дейін Баку метрополитенінде, сондай-ақ қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Қаулы 2021 жылғы 31 шілдеде күшіне енеді.