Жаңалықтар

Ажар Ғиният еліміздегі дәрі-дәрмек қорына қатысты түсінік берді

2022 жылғы 2 тамыз 12:58
Ажар Ғиният еліміздегі дәрі-дәрмек қорына қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда аумағында науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Бұл туралы Үкімет отырысында коронавирустың таралуына жол бермеу тақырыбын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің 16 атауы бойынша екі айлық қоры қамтамасыз етілді. Ал емханалар мен амбулаторияларда 1,3 млрд теңгеден астам сомаға дәрі сатып алынып, қор жасақталды. Бұл өз кезегінде 80 мың пациентке жеткілікті», - деді А. Ғиният. Оның айтуынша, қосымша бірыңғай дистрибьютор қоймаларына 4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алынды. «Министрлік дәрі-дәрмек, вакцинамен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауында ұстап отыр»,- деді ведомство басшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, «қызыл» аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.