Жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарды денсаулықтарын сақтауға шақырды

2021 жылғы 5 мамыр 19:42
Бақытжан Сағынтаев қалалықтарды денсаулықтарын сақтауға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» теларанасындағы тікелей эфир барысында Бақытжан Сағынтаев мерекелік демалыс күндері қарсаңында қалалықтарды сақтанып жүруге және жақындарына қауіп төндірмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде инфекциялық стационарлардың жалпы 6 060 төсек орын, қазір онда 3 475 адам бар, оның ішінде 95-і бала. Амбулаториялық бақылауға 4 830 адам алынған, оның ішінде симптомды әрі жағдайлары жеңіл және орташа жеңіл науқастар - 4 240, симптомсыз - 590. «Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 57 171 жағдайы тіркелді, халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш - 2 809,8. Оның ішінде 2021 жылдың басынан бері 4 мамырға дейін 38 650 жағдай тіркелді. Мәселен, қаңтарда - 3 607, ақпанда - 2 945, наурызда - 9 525, сәуірде - 20 563 жағдай. Тәуліктік өсімнің сәл төмендегені (1,4-тен 1,1-ден 1,1-ге дейін) байқалады, соңғы 7 күнде 247,5-тен 243,2-ге дейін, репродуктивтік санның сақталуы- 1,0»,- дейді Алматы әкімі. Симптомсыз сырқаттардың жеке үлесі төмендеуде және симптомды науқастардың үлесі артуда: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%%, сәуір 86%, 4 мамырда 88,8%; мутацияланған КВИ штамдарынан туындаған. Бұрынғыдай, қала тұрғындарының 20-дан 70 жасқа дейінгі белсенді тобы негізгі жұқтырушылар, олар жалпы науқастардың 76%-ы. «Соңғы 14 күнде КВИ жұқтырған 9590 науқастың ішінде жұмыс істемейтіндер көп тіркелген - 34%, әр түрлі ЖШС, ЖК, АҚ - 23,6%, зейнеткерлер - 17,6%, мектеп оқушылары - 6,8% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында 4,7%. Халықтың санамаланған санаттарының жалпы үлесі 87%. Халықтың қалған санаттарының арасында 0,1-ден 2% -ке дейінгі жағдай тіркелді, олардың барлығы 13%»,-деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Сауалнама қортындысы бойынша жұқтырудың ықтимал ошақтары базарларда 10,7% деңгейде, сауда нысандарында 28,1% деңгейде тұрақтанды. Қоғамдық тамақтану орындарында жұқтыру деңгейі 5% күйінде қалуда.