Жаңалықтар

Бала емізетін 141 мың әйел коронавирусқа қарсы егілді

2022 жылғы 2 тамыз 08:37
Бала емізетін 141 мың әйел коронавирусқа қарсы егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 555 548 адам, 2-компонентін 9 335 596 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, елімізде сондай-ақ жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр. 1 тамызға дейін препараттың I дозасын 1 234 606 адам, ІІ дозасын 1 187 119 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен егілді: жасөспірімдер – 871 867, жүкті әйелдер – 41 435, бала емізетін әйелдер – 145 182. ІІ компонентімен вакциналанды: жасөспірімдер – 854 052, жүкті әйелдер – 39 185, бала емізетін әйелдер – 141 187.