Жаңалықтар

Балқашта жарықтың сөнуінен науқастың көз жұмғаны рас па - министрлік жауабы

2020 жылғы 7 шілде 14:15
Балқашта жарықтың сөнуінен науқастың көз жұмғаны рас па - министрлік жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысының Балқаш қаласында жарықтың өшуінен жансақтау бөліміндегі науқастың көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан екі апта бұрын Балқашта орталық ауруханадағы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы бір сағатқа сөндірілген. Дәл осы уақытта автоматты түрде кедергісіз қуат генераторы іске қосылды. Ауруханадағы науқастардың бәрі де тиісті деңгейде емін жалғастырды. Дәл сол күні ешкім қайтыс болған жоқ», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сауалына орай.

Еске сала кетсек, бұған дейін ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүкіл халықты коронавирусқа ПТР-тестіден өткізу туралы жоспар жоқтығын мәлім етті.

Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың саны ресми деректен көп болуы мүмкін.