Жаңалықтар
-
24.04.2022 12:05
-
24.04.2022 10:05
-
24.04.2022 09:17
-
24.04.2022 08:47
-
24.04.2022 08:15
-
23.04.2022 09:53
-
23.04.2022 08:55
-
23.04.2022 08:16
-
23.04.2022 08:05
-
22.04.2022 14:38
-
22.04.2022 08:08
-
21.04.2022 16:36
-
21.04.2022 09:44
-
21.04.2022 08:15
-
20.04.2022 11:26
-
20.04.2022 08:16
-
20.04.2022 07:59
-
19.04.2022 08:50
-
19.04.2022 08:16
-
19.04.2022 07:58
-
18.04.2022 19:05
-
18.04.2022 09:33
-
18.04.2022 08:08
-
17.04.2022 09:21
-
17.04.2022 08:28
-
16.04.2022 11:01
-
16.04.2022 09:44
-
16.04.2022 08:48
-
15.04.2022 09:11
-
15.04.2022 08:16
-
15.04.2022 07:58
-
14.04.2022 17:17
-
14.04.2022 14:33
-
14.04.2022 08:33
-
14.04.2022 08:00
-
14.04.2022 04:00
-
13.04.2022 09:33
-
13.04.2022 08:30
-
13.04.2022 08:01
-
13.04.2022 08:00
-
13.04.2022 02:20
-
12.04.2022 18:52
Батыс Қазақстан облысында 431 оқушы, 178 мұғалімнен коронавирус анықталды
2022 жылғы 28 қаңтар 13:10

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 431 оқушы, 178 мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар ұйымында 42 адамнан, орта арнаулы оқу орындарында 24, ЖОО-да 20 студенттен індет табылды. Оның айтуынша, жыл басынан бері 5722 науқас тіркеліп, өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 18,5 есе артты. Жас ерекшеліктері бойынша 505-і 14 жасқа дейінгі балалар болса, 156-сы – 15-17, 458-і – 18-25, 1840-ы – 26-40, 1811-і – 41-60 жас аралығындағылар, 952-сі – алпыстан асқандар. Ауырғандардың 2653-і (46,3 пайызы) – жұмыс істейтін адамдар, 1205-і (21 пайызы) – жұмыссыздар, 860-ы (15 пайызы) – зейнеткерлер, 431-і (7,5 пайызы) – оқушылар, 178-і (3,1 пайызы) – мұғалімдер, 156-сы (2,7 пайызы) – медицина қызметкерлері. Бұлардың көпшілігі (3073-і) Орал қаласында, сондай-ақ Бәйтерек (772), Бөрлі (686), Теректі (238) және Тасқала (185) аудандарында тіркеліп отыр. «Соңғы аптада (21-27 қаңтар) алдыңғымен (14-20 қаңтар) салыстырғанда, індет деңгейі 26,9 пайызға (2188-ден 2997-ге) өсті. Соңғы тәулікте 513 адамнан анықталса, соның 267-сі – ауру белгісі барлар, 246-сы – симптомы жоқтар», деді Н.Мұстаев. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 5 мыңнан аса адамның амбулаторлық ем алып жатырғанын жазған болатынбыз.