Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдеді

2021 жылғы 1 наурыз 20:18
Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 1 наурызда жаңа қаулысы шықты. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің - кемінде 60, жеке кәсіпкерліктегілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Сондай-ақ жабық базарлар мен сауда үйлері жексенбі күні де ашық болады. Мектептерде бұрын 1-5 сыныптарда кезекші топтар ғана оқыса, енді бәрі де дәстүрлі түрде білім ала алады. Тек бір сыныпта балалар саны 15-тен аспауы қажет. Сондай-ақ осы кезге дейін сабақтан тыс уақытта 5 баладан аспайтын топқа жеке оқытуға рұқсат берілсе, енді 15 балаға дейін көбейтілді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да наурызда 3 мыңға жуық адамды коронавирусқа қарсы егу көзделіп отырғанын жазған болатынбыз.