Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

2021 жылғы 20 қаңтар 19:18
Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 58 баладан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері өңірде 263 бала індет жұқтырған. Соның ішінде қыркүйекте - 4, қазанда - 5, қарашада - 102, желтоқсанда 78 бала ауырды. Қараша мен желтоқсанда 16 балабақша тәрбиеленушісі сырқаттанды. Балалардың бәрі де індетті отбасы мүшелерінен жұқтырды. Облыста осы кезге дейін 10 030 адам дертке шалдықса, соның 8 661-і жазылып шықты. 183 адам өмірден озды. Қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарларында 299 адам емделіп жатыр. 28 адам жансақтау бөлімінде. Еске сала кетейік, БҚО-ның бес ауданында карантин күшейтілді .