Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда бір аптада 821 адамнан коронавирус табылды

2021 жылғы 13 сәуір 20:11
Батыс Қазақстанда бір аптада 821 адамнан коронавирус табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір аптада 821 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соңғы тәулікте 113 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Осы кезге дейін өңірде 16498 адам сырқаттанса, соның 13182-сі жазылып шықты. 258-і көз жұмды. Пневмонияға шалдыққан 441 адам стационарда, 42-сі амбулаторлық ем алуда. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 7, инвазивті емес осындай құрылғыға 10, оттегі концентраторына 34, орталықтандырылған оттегі көзіне 123 науқас қосылған. Қазіргі кезде 730 төсектік 10 инфекциялық стационарда 573 адам емделуде. Ауруханалар 71,6 пайызға толды. 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 26, 67 төсектік жансақтау бөлімшесінде 32 науқас емделуде. Өткен жылдың қыркүйегінен бері сырқаттанған балалар саны 757-ге жетсе, соның 552-сі биыл індет жұқтырды. «Жайықмұнай» ЖШС-да жыл басынан бері 38, «ҚПО б.в.» компаниясында 79 адамнан коронавирус табылды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде 3 мыңнан астам адамның індетке қарсы егілгенін жазған болатынбыз.