Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 21 қазан 19:35
Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қазан айында 1 018 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 56 пайызы (566) ЖРВИ белгілерімен тексерілген. Сондай-ақ 28 пайызы (288) бұрын ауырғандармен байланыста болған. 15 пайызы (154) профилактикалық мақсатта, 1 пайызы (10) стационарға жатқызар алдында сынама тапсырған. Сырқаттанғандардың көпшілігі (279) - 41-60 жас аралығындағылар. Жыл басынан бері барлығы 29 269 науқас тіркелсе, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 4421,8-ден келеді. Соңғы аптада (14-20 қазан) алдыңғымен (7-13 қазан) салыстырғанда, ауырғандар саны 12,6 пайызға (363-тен 317-ге) төмендеді. Департамент мәліметі бойынша соңғы төрт күнде 153 адамнан індет табылды. Пандемия басталғаннан бері тіркелген 38 490 науқастың 19 255-і Орал қаласының үлесіне тиеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 232 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.