Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда төрт күнде 250-ден астам адамнан коронавирус табылды

2021 жылғы 17 маусым 14:54
Батыс Қазақстанда төрт күнде 250-ден астам адамнан коронавирус табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 257 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 203-інде ауру белгілері бар болып шықты. Тек 54-і – симптомы жоқтар. Науқастардың 174-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген. 62-сі бұрын ауырғандардан жұқтырса, 16-сы профилактикалық мақсатта қаралған. Бесеуінен стационарға жатқызар алдында сынама алынған. Дертке шалдыққандардың 126-сы Орал қаласы, 43-і Бәйтерек, 39-ы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді. Департамент мәліметіне қарағанда, індет басталғалы өңірде 23800 науқас тіркеліп, соның 18909-ы жазылып шықты. 357-сі көз жұмды. Барлық ауырғандардың 13285-і Орал қаласында, 2918-і Бәйтерек, 2641-і Бөрлі ауданында тіркелген. Соңғы тәулікте облыста 84 адамнан коронавирус анықталса, 83 науқас емделіп шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавируспен ауруханаға жатқандар саны 450-ден асқанын жазған болатынбыз.