Жаңалықтар

Бекшин: Алматыда коронавирустың бес жаңа штамына 31 зерттеу жүргізіліп жатыр

2021 жылғы 17 маусым 15:10
Бекшин: Алматыда коронавирустың бес жаңа штамына 31 зерттеу жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мегаполисте коронавирустың 5 түрлі штамына зерттеу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қалада СОVID-19 штамдарын анықтаудың жаңа жедел ПТР-скрининг әдістемесі енгізілді. «Елімізде штамдарды бақылау жүйесі бар, біз оларға мониторинг жүргіземіз. Наурыз айының соңында Алматыда коронавирустың «британдық» штамм айналымының 77%-ы анықталды, мамыр айының соңында бұл көрсеткіш 84%-ға дейін өсті. Осы аптада біз «британдық», «үнді», «бразилиялық», «даниялық» және «вьетнамдық» штаммдар бойынша жұмыс істей бастадық», – дейді Жандарбек Бекшин. Алматының бас санитар дәрігерінің сөзінше, бұл штамдар аса жұқпалы әрі өте ауыр түрде болады. Қалада «британдық» штаммды жұқтыру көрсеткіші жоғары, қала тұрғындары «Ухань» штамына қарағанда осы штамды екі есе жиі жұқтырады. «Алматыда бес штамм бойынша қазірдің өзінде 31 зерттеу жүргізіліп жатыр»,- деді ол.