Жаңалықтар

Бір күнде 105 адам коронавирус жұқтырып алды

2023 жылғы 9 қаңтар 08:08
Бір күнде 105 адам коронавирус жұқтырып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 8 қаңтарда 105 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Одан бір күн бұрын 169 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.