Жаңалықтар

Бір күнде 184 адам пневмониямен ауырып, бір адам қайтыс болды

2020 жылғы 28 қараша 09:00
Бір күнде 184 адам пневмониямен ауырып, бір адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 184 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 41940, 440 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30422 жетті.