Жаңалықтар

Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды

2021 жылғы 18 қыркүйек 09:33
Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 16 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 59 адам - коронавирустан, тағы 15 адам - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 12 науқас. Алматы қаласында - 10, Қызылорда облысында - 8, Ақмола облысында - 6, Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында - 5, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстарында - 2, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Түркістан және Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.