Жаңалықтар

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

2022 жылғы 21 қаңтар 09:23
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 19 қаңтар күні Қазақстан аумағында 6 адам - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам. Сондай-ақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе облыстарында - бір адамнан көз жұмды. Жамбыл облысында бір науқас пневмониядан қайтыс болды. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.