Жаңалықтар

Бір тәулікте 1,2 мың адам коронавирустан жазылды

2021 жылғы 11 сәуір 08:15
Бір тәулікте 1,2 мың адам коронавирустан жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1222 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 186, Алматы қаласы - 428, Шымкент қаласы - 5, Ақмола облысы - 39, Ақтөбе облысы - 29, Алматы облысы - 80, Атырау облысы - 158, Шығыс Қазақстан облысы - 42, Батыс Қазақстан облысы - 81, Қарағанды облысы - 98, Қызылорда облысы - 15, Маңғыстау облысы - 7, Павлодар облысы - 23, Солтүстік Қазақстан облысы - 23, Түркістан облысы - 8. Жалпы, пандемия басталғалы ел бойынша 269 519 адам коронавирус жұқтырса, соның 234 057-сі жазылып шықты.