Жаңалықтар

Бір тәулікте 130 адам коронавирус пневмониясына шалдықты

2021 жылғы 27 қаңтар 09:10
Бір тәулікте 130 адам коронавирус пневмониясына шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қаңтардағы коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

25 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 130 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 128 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 47 575, 559 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 348 жетті.