Жаңалықтар

Бір тәулікте 400-ге жуық адам пневмонияға шалдықты

2021 жылғы 5 тамыз 09:08
Бір тәулікте 400-ге жуық адам пневмонияға шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус белгілері бар пневмония туралы 5 тамыздағы соңғы ақпарат белгілі болды.

3 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 379 жағдайы және 33 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 153 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 62 151, 3814 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 55 114 жетті.