Жаңалықтар

Бір тәулікте коронавирус 13,6 мың адамнан анықталды

2022 жылғы 27 қаңтар 08:00
Бір тәулікте коронавирус 13,6 мың адамнан анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13 652 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 2 852, Алматы қаласында - 2 491, Шымкент қаласында – 168, Ақмола облысында – 907, Ақтөбе облысында - 513, Алматы облысында - 454, Атырау облысында - 414, Шығыс Қазақстан облысында - 549, Жамбыл облысында - 242, Батыс Қазақстан облысында - 451, Қарағанды облысында - 2 209, Қостанай облысында -490, Қызылорда облысында -134, Маңғыстау облысында - 128, Павлодар облысында - 1 153, Солтүстік Қазақстан облысында - 407, Түркістан облысында - 90. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясы 1 192 211 адамнан анықталды.