Жаңалықтар

Бір тәулікте коронавирустан 1,5 мың адам айықты

2021 жылғы 24 қараша 08:15
Бір тәулікте коронавирустан 1,5 мың адам айықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 1502 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 133, Алматы қаласы - 259, Шымкент қаласы - 44, Ақмола облысы - 70, Ақтөбе облысы - 7, Алматы облысы - 56, Шығыс Қазақстан облысы - 48, Жамбыл облысы - 5, Қарағанды облысы - 172, Қостанай облысы - 326, Қызылорда облысы - 9, Павлодар облысы - 279, Солтүстік Қазақстан облысы - 78, Түркістан облысы - 16. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 966423 адамнан анықталса, соның ішінде 929120 науқас жазылды.