Жаңалықтар

Бір тәулікте коронавирустан 631 адам айықты

2021 жылғы 27 ақпан 08:15
Бір тәулікте коронавирустан 631 адам айықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 631 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71, Шымкент қаласы - 9, Ақмола облысы - 108, Алматы облысы - 37, Атырау облысы - 22, Шығыс Қазақстан облысы - 34, Жамбыл облысы - 18, Батыс Қазақстан облысы - 98, Қарағанды облысы - 57, Қостанай облысы - 68, Қызылорда облысы - 4, Маңғыстау облысы - 1, Павлодар облысы - 82, Солтүстік Қазақстан облысы - 21, Түркістан облысы - 1. Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 212 018 адамнан анықталса, оның 195 752-сі жазылып шықты.