Жаңалықтар

Бір тәулікте коронавирустан 73 адам жазылды

2020 жылғы 24 қазан 08:56
Бір тәулікте коронавирустан 73 адам жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте Қазақстанда 73 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Алматы қаласында - 4, Ақтөбе облысында - 2, Алматы облысында - 3, Атырау облысында - 6, Қарағанды облысында - 10, Қостанай облысында - 9, Павлодар облысында - 18, Солтүстік Қазақстан облысында - 8, Түркістан облысында - 4. Елімізде барлығы 105 566 адам COVID-19-дан сауығып шықты. А уырғандардың жалпы саны – 110 250 . Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте коронавирустың жаңадан 164 жағдайы тіркелді. Коронавирус белгілері бар пневмония бір тәулікте 165 адамнан анықталды.