Жаңалықтар

Бітіру кешін дүркіретіп өткізген «Айқанат» білім беру мекемесіне айыппұл салынды

2021 жылғы 16 маусым 14:04
Бітіру кешін дүркіретіп өткізген «Айқанат» білім беру мекемесіне айыппұл салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Айқанат» білім беру мекемесінде шектеу талаптарының бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы маусымның 14-де Щучье қаласының «Айқанат» білім беру мекемесінде көпшіліктің жиналуымен мектеп бітіру кеші салтанатты шарасы өтті. «Шара коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұза отырып өткізілді. Осы жағдайға байланысты Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Бурабай ауданының полиция бөлімінің рапорты негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 802 бабы 2-ші бөлігі 1-ші бөлімшесі бойынша «Айқанат» білім беру мекемесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 425 бабының 1-ші бөлігі бойынша 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (670910 теңге) әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырылды», - деді ведомстводан.