Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
БҚО-да инфекциялық стационарларда жатқандар саны 300-ден асты
2021 жылғы 22 қаңтар 00:14

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жұқпалы аурулар стационарларында жатқандар саны 311-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңір коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Қазіргі таңда 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ 30 адам карантиндік стационарда емделуде. Осы кезге дейін облыста індет жұқтырғандар саны 10085-ке жетсе, соның 8699-ы жазылды. 183 адам қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан 276 адам стационарлық, 52-сі амбулаторлық ем алды. Бұл дерттен 264 адам көз жұмды. Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 8, оттегі концентраторына 14, орталықтандырылған оттегі көзіне 57 адам қосылған. Қаңтар айында ғана өңірде 65 бала коронавирус жұқтырды. Осы айда «Жайықмұнай» ЖШС-ның 9 қызметкерінен індет табылды. Ал «ҚПО б.в.» компаниясында 15 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілетінін жазған болатынбыз.