Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
БҚО-да коронавирусқа қарсы 180 мыңнан астам адамды егу жоспарлануда
2021 жылғы 22 қаңтар 16:03

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы 180 мыңнан астам адамды егу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, өңірде жоспарға сәйкес дайындық жүргізіліп жатыр. Коронавирусқа қарсы бірінші кезекте жұқпалы аурулар стационары, жедел жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, полиция, білім беру және медицина саласының қызметкерлері егіледі. Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, ақпан айында Ресей Федерациясында жасалған «Спутник V» вакцинасын егу басталады. Екпе екі рет жасалады. Яғни алғашқы рет егілген кезде адамның коронавирусқа қарсы иммунитеті жартылай, 21-інші күні екінші рет салынғанда толық қалыптасады. Сонымен қатар Қазақстанда «Kazcovid-in» вакцинасы бірінші және екінші кезеңде сынақтан өтті. Үшінші кезеңнен сәтті өтсе, оны да егу көзделіп отыр. «Екпе ерікті түрде жасалады. Ешкімді мәжбүрлемейді. Адам егілер алдында медицина қызметкерінен қандай вакцина екенін, оның қалай әсер ететінін сұрап, толық біліп алуға, сондай-ақ жасатудан бас тартуға құқылы», деді Н.Мұстаев. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жыл басынан бері мыңға жуық адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.