Жаңалықтар

COVID-19: Қытай маусым айының соңына дейін халықтың 40%-ына вакцина егуді жоспарлап отыр

2021 жылғы 3 наурыз 09:37
COVID-19: Қытай маусым айының соңына дейін халықтың 40%-ына вакцина егуді жоспарлап отыр

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай маусым айының соңына дейін халқының шамамен 40%-ын коронавирусқа қарсы егуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы сарапшылар тобының басшысы Брукингс институты ұйымдастырған онлайн-форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Қытай маусым айының соңына дейін ел халқының шамамен 40%-ын егуді жоспарлап отыр. Ол үшін Қытайда белгіленген мерзімге жету үшін күніне кемінде 5 миллион доза енгізу керек. Сонымен бірге, ол «бүкіл әлемдегі басты мәселе – адамдарға вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алу» деп атап өтті. Оның пікірінше, егер вакциналау процесі кешіктірілсе, вирустың мутация ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Осыған байланысты ол барлық вакцина өндірісін жеделдетуге және вирустың түрлеріне сезімтал жаңа типтегі вакциналар жасауға шақырды. Чжун Наншань, сонымен қатар, Қытайдағы вакцинацияның төмен қарқынына алаңдаушылық білдіріп, оларды жеделдету қажеттілігін атап өтті. Қытай эпидемиологы 27 ақпандағы жағдай бойынша Қытайда 1,4 млрд адамның тек 3,56%-ы егілгенін айтады. Өз кезегінде Израиль халықтың 92,46%-ын, БАӘ – 60,82%, Ұлыбритания – 30,13%, АҚШ 22%-ын вакциналады.