Жаңалықтар

COVID-19: Өзбекстанда антирекорд жаңарды

2021 жылғы 21 шілде 14:22
COVID-19: Өзбекстанда антирекорд жаңарды

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат –Өзбекстанда 698 адамға коронавирус диагнозы қойылып, 478 азаматтан КВИ белгілері бар пневмония анықталды. Бұл антирекордтың жаңаруы, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 121 329-ға (+698) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында. Елдегі коронавирус жұғу деңгейі артуымен қатар пневмония жағдайы да өсіп келеді. Ал 19 шілдеде 465 кісіден КВИ белгілері бар пневмония анықталған болатын. ДСМ дерегінше, кеше 495 азамат аурудан сауығып, 4 науқас індеттен көз жұмған. Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 116 009-ға жетті, 810 адам қайтыс болды.